Жылдық ас Байболғанқызы Нүрсия

Руы – Төлеңгіт-Мамашық, Байболғанқызы Нүрсия ардақты анамыздың өмірден қайтқанына 1 жыл болды.

Жылдық асы 6.12.2017жылы Саяқ кентінің мешітінде сағат 11.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, жора-жолдастарымызға, балаларының еңбек ұжымдарына, анамызды танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Жыл да бопты арамыздан кеткелі,

Дауысыңыз сіздің құлағымыздан кетпеді.

Сағындық біз, қимай асыл ананы,

Өксік алды 1 жыл бойы өкпені.

 

Жүрек сыздап, толады жанар жасқа,

Кеттің Ана, мәңгілік оралмасқа.

Дұға оқып, бата ғып, қол жаямыз,

Не келеді, қолымыздан одан басқа?

 

Ана, ана қиналған әрбір шақта,

Тек сен едің, қамқоршы болған пана.

Ақылмен бәрін жеңген асыл Ана.

Сағындық, АНА, өзіңді,

Мейірімге толы көзіңді.

Ортамызда отырып,

Тақпақтап айтқан сөзіңді.

Ақыл айтып, дем беріп,

Еркелетер кім бізді?

Жоқтауменен, жан Анам,

Жүрегіміз езілді…

Кеңейіп шаңырақ, керегең,

Желкілдеп өсті немерең.

Еске алар мәңгі өзіңді,

Ұрпағың өсер – шөберең.

Фото 5

Шаңырақтың құты мен берекесі,

«Ақ әже» деп іздейді шөбересі.

Аялы алақанын сағынады,

Балалары, немере, шөбересі.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,

Жан, Ана, топырағың торқа болсын!

Иманың мәңгілікке жолдас болып,

Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!

Хабарлаушылар: балалары, немерелері, шөберелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *