Жылдық ас Абдығалымқызы Тажықан

Қоңыраттың тұрғыны

Руы  Тобықты, елі – Ақсары,

Қайыптегі Абдығалымқызы Тажықан аяулы жар, ардақты анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл.

Жылдық асы Мешіттің  үлкен залында ­­25-тамыз күні сағат  11-ден бастап беріледі. Асқа туған-туыс, құда-жегжат, дәмдес болған замандастарын, бауыр, балаларының таныстарын шақырамыз.

Өзіңе арналады өлең-жырлар,

Өзегімді өртейді терең ойлар.

Өмір-өзен, қас- қағым сәт өте шығар,

Жан –жарым, асыл бейнең есте қалар.

 

Сенбейміз ғой өмірдің жалғанына,

Кім жеткен бұл өмірде арманына?..

Бір жыл өте шықты бір күндей боп,

Тажықаным оралмассың, амал бар ма…

Анамыз саналы ғұмырында әкемізбен тізе түйістіре өмір сұріп, адал жар, аяулы ана, ардақты әже атанып, 78 жыл мағыналы ғұмыр кешті.

Әкемізбен 55 жыл тату-тәтті өмір сұріп, дүниеге екі қыз, бір ұл әкеліп, бәрімізге жоғары оқу орнында оқуға жағдай жасап, еңбексүйгіштікке, адалдыққа баулып, үлкен өмір жолында шыдамдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеген аяулы жан.

Анажан шаңырыққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Сағындық ана, сізді баршамыз да.

 

Жан ана, ұл қызыңның тірегі едің,

Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.

Болмасаңда бүгін біздің жанымызда,

Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

 

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,

Сағынышпен туғандары еске алады.

Анашым жарқын бейнең нұрын төккен,

Жадымызда мәңгіге сақталады.

 

Бұл жалғанда армансыз адам болып па,

Ұрпағың бар қол жаятын артыңда.

Топырағың торқа болып, анашым,

Мәңгі мекен- жер бесікте жайлы ұйықта.

Хабарлаушы: жолдасы Тұрсын, балалары, бауырлары

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *