Жылдық ас Қасенов Қанат Сарқытұлы

Ардақты әке, сүйкті ата, руы – Керей – Байсеиіт –Құттыберлі,  Қасенов Қанат Сарқытұлының өмірден өткеніне  1 жыл  болады.

Жылдық асы 24 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, еңбек ұжымына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Кеттің Әке, келмес алыс сапарға,

Сағынумен, сарғаюмен 1 жыл өтті арада.

Бағынбайды кім өмірдің заңына,

Отырушы-ең әрқайсымызды түгендеп.

 

 

Жыл өтті, сағындық құдіретіңді,

Қолдап жатшы аруағыңмен әулетіңді.

Көзімізге жас алып, еске аламыз,

Ақ жарқын мінезің мен келбетіңді.

 

Келмеске кеткен бауырым,

Сағынамын, сарғаям.

Өзіңді ойлап күн сайын,

Дұға оқып қол жаям.

 

 

Адам еді өлімге қимайтұғын,

Туған-туыс құрметтеп, сыйлайтұғын.

Орны толмас қазаға ұшырадық,

Өмір бойы жанды жеп қинайтұғын.

 

 

 

Біз де сізге рақым тілейік Тәңірден,

Орын берші деп жәннаттың һақ төрінен.

Рахат тапсын жерге тиген ақ тәнің,

Шапағаты төгілсінші мейірімі мол Алланың,

Жәннатта жаның болсын, рухың биік,

Өзіңдей қайда бізге қамқор адам.

 

Ас берушілер: балалары, бауырлары.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code