Жолдамасыз флюрогарфиялық тексерістен өтуге мүмкіндік туды

Дәрігерден жолдама алмай-ақ, тегін флюрографиялық тексерістен өту мүмкіндігі туды. Тұрғындарды далада қабылдайтын жылжымалы кешен іске кірісті. Бүгін көлік Қазбекова көшесіндегі №1 емхана емделушілерін қабылдады. Бір күнде 50 шақты  тұрғын тексерістен өткен. Жылжымалы кешеннің жұмыс кестесі таңғы сағат 10 да басталып түскі 3 ке дейін жалғасады. Ертең де осы уақыт аралығында №1 емхана емделушілері Қазбекова көшесіндегі емханаға барып, өз өкпелерін тексерте алады. Ол үшін ешқандай жолдаманың қажеті жоқ. Тек өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны. Айта кетейік, статистика бойынша биыл 22 адамда туберкулез дерті анықталған. Оның тең жартысы 2 жыл және одан да көп уақыт бойы флюрографиялық тексерістен өтпегендер. Ал ауруды асқындырып алмас үшін мамандар 1 жылдан кешіктірмей флюрографиялық тексерістен өтуге кеңес береді.

Азизжан Азатбеков-№1 емхана бөлімшесінің меңгерушісі

«Әсіресе 60 жастан асқан қарттар мен 2-3 жыл флюрографиялық тексерістен өтпеген тұрғындар тексерістен өту керек. Түберкулез дерті көбінесе осы топтағы адамдардан кездесіп жатады. Сол себепті денсаулықтарыңызға немқұрайлы қарамаңыздар.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *