Жаз ортасында Балқашта бұршақ жауды

Жаз ортасында Балқашта бұршақ жауды. Табиғаттың мұндай тосын сыйы демалушыларды таң қалдырды. Әсіресе саяжайшылар абдырап қалды. Себебі күтпеген жерден жауған бұршақ еңбектеніп еккен өнімдерін жойып жіберген.

Балқаш станциясының тұрғыны Надежда Мясникова бақшасын көрсетуде. Айтуынша кеше сағат кешкі 5 тің кезінде 20 мин бойы  бұршақ араласқан жаңбыр жуған. Көлемі бас бармақтай болатын мұз еккен  барлық өнімді үсіріп жіберген.

Надежда Мясникова – Балқаш станциясының тұрығын

«Биыл қияр мен қызанақ жақсы өсіп келе жатқан еді. Кеше келіп қарасам, бұршақ жатыр. Бәрін үсіріп жіберген. Еккенінмен түк қалмады.

Бұршақ тек Балқаш станциясына ғана емес шаһар шетіндегі трассаға да жауды. Тек қалаға жетпеді. Ал табиғаттың мұндай тосын сыйы жергілікті тұрғындарды таң қалдырды.

Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, бұл апта Балқашта жаңбырлы болады. Тіпті тағы бұршақ жаууы мүмкін. Ал шілденің алғашқы аптасында  ыстық күндер басталады.

Анна Шадская – инженер-синоптик

Бұл аптада жаңбырлы күндер көп болады. Ауа температурасы  түнде 10-15. Күндіз 20-25. Ауа солтүстік батыстан келгендіктен, өзімен бірге ылғал ала келді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать