«Жас қанат» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады

«Жас  қанат»  жазғы   сауықтыру   лагері   өз   жұмысын  бастады. Бектау ата бөктерінде  орналасқан   демалыс ошағының маусымдық ашылу салтанатына қала әкімі қатысты.

Табиғат аясындағы демалыс ошағының ашылу рәсімі оқушылардың ұранынан басталды. Бірінші маусымда демалуға келген  250 бала отрядқа бөлініп, өнерлерін көрсетті. Астана  қаласының 20 жылдығына  арнаған  тартуларын паш  етті. Ал қала басшысы  балғындарға жақсы  демалыс болсын деген ниетпен тілегін  жеткізді.

Жалпы,  биыл  «Жас қанат» лагерінде  1 мың оқушы 4 ауысымға бөлініп  демалатын болады. Олар  үшін 10 тәлімгер, 10 тәрбиеші  жұмыс істемек.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *