Жаңа жылдық дастархан қандай болуы керек

Жаңа жылға дейін санаулы күндер қалды.Қаржылық қиындықтарға қарамастан ешбір жан мерекелік дастарханнан бас тартпасы анық. Бар дәмдісін үстелге қойып, бос орын қалдырмауға тырысады.

Мереке жақындаған сайын дүкендерде сауда қызып жатыр. Басты назарда жаңа жылдық дастархан.Көпшілік молшылық болсын деген ниетпен бар тәттісін үстелге қоймақ ниетте. Алайда, жұлдызшылар жыл иесіне сүйене отырып ас мәзірін әзірлеуге кеңес береді.2018 жыл- ит жылы. Үй жануары етті жақсы көретіні сөзсіз. Сондықтан ас мәзірінде міндетті түрде буға піскен, қуырылған еттердің көп болғаны абзал. Және қолдан жасалған тәтті тоқаштарда үстелге қойылғаны жақсы.Тағы бір айта кететін жайт ит экзотикалық жемістерді ұнатпайды. Және ішімдіктің исін жақтырпайды.Сол себепті су мен шырын жаңа жылдық дастарханда орын алғаны дұрыс.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *