Балқашта зейнеткерді көлікпен қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде

67 жастағы зейнеткерді көлікпен қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде. Полиция қызметкерлері 13 желтоқсаннан бастап жедел алдын-алу шараларын жүргізіп жатыр. Алайда,нәтиже мардымсыз.Арада 12 күн өтседе әлі кінәлі азамат табылмады. Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 13 желтоқсан күні түнгі сағат 11-де Щербаков пен Рысқұлов көшесінің қиылысында болды. 67 жастағы зейнеткер жол ортасынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Оны алда келе жатқан такси байқап, ішкі істер бөліміне хабарлаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, жедел жәрдемді шақырғанымен көмегі тимеді. Зардап шеккен тұрғын бастан келген қатты соққыдан көп қан жоғалтып, тіл тартпастан қайтыс болды. Қазіргі күні бұл жол апатын көрген куәгерлер іздестірілуде. Және полицейлер сол сол түні Рысқұлов көшесінен өткен 20-ға жуық көлік тексерді.Бірақ, кінәлі табылмады.Сондықтан көрген-білгендер болса 102 нөміріне хабарласаңыздар болады.

Ержан Разиев- Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары
«Осы қылмысты ашу жолында тұрғындарды көмек көрсетуге шақырамыз.Себебі, бұл қылмыс бүгінгі күні ашылмай отыр.Алдын-ала болжам бойынша бұл қылмысты такси жүргізушісі жасады деген болжам бар».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *