Заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Заңсыз балық  аулаушылар  ұсталды.Шаһардың  6 тұрғыны  құжатсыз  нәпақа тауып  жүрген жерлерінде  құрықталып,14500 теңгеден айыппұл төледі. Әкімшілік  жауапкершілікке тартылған  азаматтар Шұбартүбек  пен Тораңғалық кенті  маңында  қолға  түсті.Онда 6 тұрғын  арнайы рұқсат  құжатты  алмай, қармаққа сазан аулағаны анықталды.Сондықтан   әрқайсысына 6 айлық  есептік  көрсеткішпен  14500 теңгеден  айыппұл салынды.Сонымен  қатар, тексеріс  барысында  ережеге бағынбаған 3 аңшы  ұсталды.Бірақ, жолдама хатта жабайы  құстың  санын  көрсетпегендіктен  оларға тек  ескерту айтылды.

Леонид Тян- Желілік   полиция  бөлімшесінің  жедел  уәкілі

«Бұл  қыркүйек  айында  жасалған тексеріс  жұмыстарының  нәтижесі. Заң бұзушылық  Шұбартөбек, Тораңғалық  кенттерінде  ұсталды. Қазір рейд  Приозерск  қаласында жүргізілуде».

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *