Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан 20 орынға тұрақтады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыстан  Александр Колядин жеңіп алған жалғыз алтын медальмен оралады. Қостанайлық Шаңғышы 1,5 шақырымға классикалық жүріс спринтінде қарсылас шақ келтірмей, әреге бірінші жеткен болатын. Еліміз жалпыкомандалық есепте 20-орында. Бұл орынды біздің спортшылар Қытай құрамасымен бөлісті. Қос құраманың қоржынында бір алтыннан бар. Жалпы есепте  АҚШ құрамасы көш бастады.Америкалық спортшылар 36 жүлдені (13 алтын, 15 күміс, 8 қола) жеңіп алған. Ресей спортшылары — 34 (8-10-16) медальмен екінші орынға орналасты. Ал Үздік үштікті канадалық спортшылар түйіндеді. Олардың қоржынында 28 жүлде (8-4-16) бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать