Туристер Балқашқа 250 млн табыс әкелген

Бүгін бүкіләлемдік туризм күні. Бұл дата осыдан 30 жыл бұрын бектілген. Балқашта туризмді дамыту үшін көптеген жағдай жасалуда. Жыл өткен сайын, демалыс үйлері бой көтеріп, көлге тынығуға келушілерді саны да артып келеді. Мысалы, жыл сайын Балқашқа өзге қалалар мен елдерден 15 мың қонақ келеді екен.

Балқаштың басты байлығы-ол табиғат! Туристерді балқашқа тартатын-көкше көл. Көбі күнге қыздырынып, шомылып қайту үшін осында келеді. Қазір жағалауда демалыс үйлері көбейіп,  онда тынығушыларға барлық жағдай жасалуда.

Туристерді қызықтыратын екінші орын-Бектау-ата тауы. Киелі жерді көріп, табиғатын тамашалауға келетіндер саны жыл сайын артып келеді.

Балқаш қаласының жастары да туристік саланы дамытуға атсалысуда. Өткен жылы №17 мектеп оқушылары қаламыздың көркем жерлерімен таныстыратын бағыт-бағдар ойлап тапқан болатын. Шағын анықтаманы қолына алған туристер қала тарихымен танысып, шаһардағы ескерткіштер жайлы ақпарат біле алады.

Надежда Смирнова –№17 мектеп-лицейінің география мұғалімі

«Біздің өңірде қызыл кітапқа енген тораңғы ағашы бар. Келген туристер сол жерді де көрсе дейміз. Екіншіден қыста Бектау-ата тауында шаңғы спортының болғанын қалаймыз. Біз бағыт-бағдар беретін анықтамада әр көрсетілген орынға қалай жетуге болатынын, қайда тоқтау керектігін жазып көрсеттік».

Осы жылдың қыркүйек айында Балқаш Республикадағы 10 туристік аймақтың тізіміне енді. Жыл сайын бізге шетелден және еліміздің өзге қалаларынан 15 мың қонақ келеді. Өткен жылы туризм саласы қалалық қазынаға 250 млн табыс әкелген. Қазір шаһарда 26 орналасу орны бар. Оның 14 қонақүй, үш мотель, қалғаны демалыс үйлері.

 

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *