Құттықтау Әмірқашұлы Әміржан!

Құрметті ағамыз  Әмірқашұлы Әміржан!  Сізді, 70-тың асқарлы асқарына аттаған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, көктемдей күмбірлеген көңіл, жаздай ыстық мейірім, күздей салқын сабырлылық, тілей отырып, еңбегіңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызықтарына тоймай, мерейіңіз үстем бола берсін демекпіз!

Құтты болсын 70 деген жасыңыз,

Өрге қарай домаласын тасыңыз.

Ортасында туған-туыс, дос-жаран,

Жүзге жетіп, одан әрі асыңыз!

 

 

Күтсін әлі қуаныштар әр талай,

Жақсылықтан жарқылдасын жан сарай.

Шөбере мен шөпшек көріп өмірде,

Әр күніңді той-думанға арнағай!

 

 

Алаң болмай көңіліңіз әрнеге,

Саулығыңыз арта берсін күніге.

Үзілмейтін ұзақ ғұмыр тілейміз,

Қадір тұтып Сізді біздер бүгінде.

 

 

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,

Мерейім өсіп тұрар ағам барда.

Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,

Келесің жарық сыйлап адамдарға.

 

Бар жақсылық тілейміз басыңызға,

Қосылсын жас жыл сайын жасыңызға.

Отбасы, бала-шаға аман болып,

Жеңгеміз  жүре берсін қасыңызда.

 

Т/б: Әмірқаш әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *