Құттықтау Адбеков Қанағат Өмірсерікұлы

Аяулы да ардақты ұлымыз, сүйікті жар, үлгілі әке, Адбеков Қанағат Өмірсерікұлын бүгінгі орда бұзар – 30 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Саған зор денсаулық мол бақыт, ашық аспан, әрқашанда жүзіңнен күлкі кетпей жанұяңның, балаларыңның қызығына батып, аңсаған арманыңа жете беруіңе шын жүректен тілектеспіз!

Асып шаттық дәл бүгін тұр арнадан,

Денге саулық тілейміз бір Алладан.

Мерейтойың  30 жас құтты болсын,

Шын жүректен біз міне, жыр арнаған!

 

Өміріңнің жалғасы балаларың,

Ұлағат, Сұңғат, Рамазанның

қызығын бірге көріп,

Құралай келінмен екеуің қос аққудай,

Кенеле бер өмірдің шаттығына.

 

 

Шаңырақтың берекесі, тірегі,

Біздер үшін адал, таза жүрегі.

Денің сау боп, ұзақ жаса, әкетай,

Жан-жарың мен үш балаңның тілегі!

 

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Ардақты әке, аман жүрсең болғаны.

Т/б: ата-анасы: Өмірсерік – Күлпан

жары – Құралай

балалары – Ұлағат, Сұңғат, Рамазан

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *