Тілдер орталығында тегін курсқа қабылдау басталды

Жаңа жылдан бастап ағылшын тілін үйренемін деушілерге жақсы мүмкіндік. Тілдер орталығы шет тілін меңгергісі келетін қала тұрғындарын тегін оқытуға әзір. Қазір курсқа қабылдау жүргізілуде. Жазылу үшін Уәлиханов көшесіндегі 5 ғимаратта орналасқан тілдер орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Сабақ арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте жүргізіледі. Аптасына 5 рет, бір сағаттан. Алғашқы деңгей 3 айға созылады. Содан кейін тест тапсырып, сертификатқа ие боласыз. Жалпы 2017 жылдың 12 айында 400 балқаштық тілдер орталығында оқыған. Оның ішіндегі 256 тұрғын мемлекеттік тілді, 174 ағылшын тілін меңгерген.

Шынар Киканова – тілдер орталығының әдіскері: «2018 жылы 9 қаңтарда оқудың алғашқы кезеңі басталады. Келем деушілер тілдер орталығына, 3 қабатқа келіп жазылуға болады. Өздеріңізбен бірге куәлік көшімресін ала келіңіздер».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *