Түсік жасату бойынша Қарағанды облысы үздік үштіктің қатарында

Түсік тастау бойынша Қарағанды облысы үздік үштіктің қатарында. Денсаулық сақтау министрілігі жария еткен статистикаға сүйенетін  болсақ орталық өңірде 2810 әйел баласын алдыртқан. Ал аборттың ең көбі Алматыда 3720 жағдай.  Екінші орында Астана. Бас қалада 2017 жылы 3238 нәзік жанды түсік жасатқан. Үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Өткен жылы өңірімізде 3 мыңға жуық әйел жүктілігін үзген. Ал аборттың ең азы еліміздің батыс бөлігінде. 2017 жылғы санақ бойынша, Атырау облысында 222, БҚО-да — 392 және Маңғыстау облысында 359 түсік жасалған. Жалпы 2017 жылы Қазақстанда 28 589 аборт тіркеліпті. Жүктілігін үзгендердің көбісі 30 жастан асқандар мен одан жоғары жастағы әйелдер.

Татьяна Шаталова –№2 емхананың акушер-гинекологы

«Балқашта түсік жасатушылардың саны көбейген жоқ. Деседе дәрі арқылы жүктілікті үзетіндердің саны артып келеді. Әрі көбінесе 18-19 жастағы қыздар түсік жасатады.  Ал 25 жастан асқандар қазір жүктілікті жоспарлауды үйренуде».

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *