Тұмаудан сақтанудың жолдары

Денсаулық сыр беретін кез жақындады. Күн салқындап, ауа температурасы төмендеген уақытта суық тиіп, ауырып қалу қатері жоғарылайтыны белгілі. Тұмау үлкен-кішіні талғамайды. Бұл дерт әсіресе қазан, қараша айларында өрши түседі.

Күз келіп, күн ауа-райы суытысымен адамның денсаулығы сыр беретіні белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, қазан, қараша айлары тұмаудың өршитін уақыты. Ал ауырып қалмас үшін имунитетті нығайтып, ағзаны суыққа қарсы тұруға дайындау қажет.

Бақжан Сәрсенбай-эпидемиолог дәрігер
«Қазіргі уақытта ауырмас үшін дәрумендер қабылдаған жөн. Жеміс-жидек пен көкеністерді де көп жеу қажет. Таза ауада көп серуендеу де ағзаға пайдалы. Тек жылы киініп шығыңыздар.

Мамандар ауырмас үшін 5 ережені ұстануға кеңес береді. Біріншісі қолды сабынмен жиі жуу. Ауру тудыратын бактериялардан арылу үшін қолды 20 сек тазалау қажет. Екіншісі адамар көп шоғырланған жерден алшақ жүру.

Үшіншісі ауызды жауып түшкіру қажет. Бұл әдіс бактерияларлың таралуына жол бермейді. Алайда, одан кейін қолды жууды ұмытпаңыз. Төртіншісі микробтардан арылу үшін бөлмені желдетіп, тазалағыш заттармен дезинфкция жүргізу қажет. Бесіншісі ауыз күтімі. Егер тісіңізді жиі шайып, әрі ысып отырсаңыз бактериялардың ауыз арқылы ағзаға түсу қаупі төмендейді.

Тұмаумен ауырмаудың тағы бір жол шынығу, яғни спортпен айналысу. Екінші жолы дұрыс тамақтану. Майлы, қуырылған, тұзды тамақтарды азайтып оның орнына сүт, балық және жеміс-жидектерді көп жеу қажет. Тұмау жұқтырмас үшін ең бастысы жаман әдеттерден бас тарту. Себебі ішімдік пен темекі ми, жүрек қан тамырларын зақымдап, имунитеттің төмендеуіне әкеліп соғады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать