Сот жүйесінің жетістіктері

Қазақстандағы соттардың тәуелсіздігі ең алдымен Ата заңда айшықталған болатын. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот билігінің мәртебесін көтеру және халықтың сот төрелігіне сенімін арттыруға бағытталған шараларды қолға алған болатын. Сот билігін жетілдіре түсетін бірқатар заңдар да қабылданған болатын.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңының, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы сот жүйесінің нығаюына және алда тұрған міндеттерді атқаруға оң ықпалын тигізді.
Барлық жаңашылдықтар құқықтық деңгейде бекітілді, атап айтқанда судья кадрларын іріктеу мен даярлауды жетілдіруге, судьяларды іріктеу талаптары мен тетіктерін қатаңдатуға, олардың жауапкершілігін күшейтуге айрықша назар аударылды.
Жаңартылған заңнамада азаматтық-құқықтық дауларға прокурордың қатысуын қысқарту, тараптардың жарыспалылығы принципінің мәнін күшейту, істерді сот талқылауына дайындау сатыларын жетілдіру, тараптарды шақырусыз, бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту қарастырылған. Сот процестерін міндетті түрде дыбысбейнежазу ойдағыдай енгізілуде. Жазуды тоқтату немесе дыбысбейнежазу материалдарын редакциялау мүмкіндіктерін болдырмайтынын атап өту керек. Бұл, бір жағынан, нақты сот істерін қарау кезінде судьялардың объективтілігін қамтамасыз етудің елеулі кепілдерінің бірі болса, екінші жағынан, судьяларға, сот мәжілісіне қатысушы тараптарға талапты арттырудың, олардың өз тәртібін нығайтуының ықпалды құралы болуға тиіс. Мұның өзі түпкі нәтижесінде судьялардың іс-қимылдарына байланысты түсетін негізсіз шағымдар мен арыздардың санын азайтуға әкеледі.
Республика соттарының барлық сайттары орталықтандыруынабайланысты 2014 жылдың наурыз айынан бастап, Балқаш қалалық сотының ресми сайты Қарағанды облыстық сотының ресми сайты www.krg.sud.kz бойынша қызмет атқарады.
Сот органдарының Интернет ресурсына ақпаратты орналастыру бойынша пайдаланушының Нұсқаулығына сәйкес Балқаш қалалық сотының жаңаИнтернет-ресурсының мазмұны толықтырылды. Қарағанды облыстық сотыныңсайты арқылы Балқаш қалалық сотының сайты қызмет атқарады. Балқашқалалық сотының электрондық сайты барлық сала бойынша мемлекеттік жәнеорыс тілінде жүргізіледі. Облыстық соттың сайтына орналастыру үшін,материалдар мен мәліметтер Балқаш қалалық сотымен жүйелі түрде жолданыптұрады.
Сот органдарының Интернет-ресурсында азаматтардың соттармен жұмысын жеңілдету мақсатында 2014 жылдан «Сот кабинет» сервисі қызмет етеді. «Сот кабинеті» сервисінің енгізілу сәтінен бастап электронды нұсқада жолданған талап арыздармен басқа өтініштердің санының тұрақты өсуі халықтың жағымды баға бергендігін куәландырады.
Қолжетімділік, ашықтық және жариялылық бұл қазіргі заманғыдемократиялық мемлекеттің сот жүйесінің 3 негізгі стандарттары, солардың
бірі — «Сот кабинеті» бұл «онлайн» режимде, сот органдары тарапынанкөрсетілетін қызмет түрлерімен сервистерге қол жеткізетін бірден-бір терезе болыптабылады. Сот процессініңкез-келгенқатысушысыаталғансервистің көмегіменөзінеыңғайлыкез-келгенуақытта, үйде, жұмысорнындаотырып-ақ,интернет желісіарқылыөтініш пен талапарызды, апелляциялықшағымдар мен өтініш хаттарды электрондық түрде жіберумен қатар, сотқа шақырту қағазын және хабарламаларды ала алады. Сот құжаттарының қозғалысы мен оның мәртебесін қадағалауына болады. Істің бүкіл тарихын қарап, сот актілерімен қаулыларды басып шығара алады. «Сот кабинеті» мемлекеттік бажды «онлайн»режимде төлеп сот отырысының аудио- видео жазбаларын көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, төлемдерді, салықтар мен айыппұлды да оңай төлеуге болады. Осы мақсатта сот ғимараттарында арнайы төлем терминалдары орнатылған.
Барлық сот органдарының сот актілері судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦП), ал сот отырысының хаттамалары судьяның және сот отырысы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталып отырады. Ал, 2015 жылдың сәуір айынан бастап кіріс-шығыс хат — хабарлары «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылған.
Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамытуды белсенді енгізу, ақпараттық технологияларды сот өндірісінде кең қолдану, сонымен қатар, алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастыру мақсатында, Балқаш қалалық соты мен Балқаш қаласының әкімдігі 08.09.2016 жылы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
05.05.2017 жылы Балқаш қалалық сотының, прокуратураның және ІІБ-нің өкілдері «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асыру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мен оның шешу жолдары туралы» дөңгелек үстел шарасы өткізіліп, дауды сотқа дейін реттеу , жеке тұлғалардың материалдық жағдайына қарай коммуналдық қызметпен қарызды өтеу кестесін бекіту арқылы, оларды басқа шығындардан, атап айтқанда: мемлекеттік баж салығы мен орындаушылық санкция төлемдерінен босатады. Ал коммуналдық қызметкерлер үшін сотқа талап арызбен жүгінбей ақ, соттан тыс жағдайда коммуналдық қызметке төленбей жатқан коммуналдық қарыздардың пайызын азайтуға мүмкіндік беретіні бойынша сот өз тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында.

Балқаш қалалық сотының
кеңсе меңгерушісі Г.Жукина

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *