Салық төлемеген 2400 балқаштық тұрғын сотқа берілуі мүмкін

Салықты төлемей жүрген балқаштықтар мемлекетке 8 млн теңгеден артық ақша қарыз. Оның ішінде 2 мың тұрғын транспортқа,370-і мүлік салығын уақытылы өтемегендер.Енді олар 1 маусымға дейін қарыздарын төлемесе сотқа тартылады. Оған қоса, айыппұл салынады. Жалпы, салық кодексінің өзгеруіне байланысты мүлік салығы бір жылға кешіктіріліп төленеді. Яғни , биыл 2017 жылдың салығын қараша айына дейін өтеуіміз керек. Ал 363 балқаштық 2016 жылдыкін әлі төлей алмай жүр. Бірақта, транспорт салығында мұндай өзгеріс жоқ. Көлік салығын әр жылдың соңына дейін өтеп біту керек. Егер талап орындалмаса мемлекет алдындағы борышкерлердің құжаттары бірден сот орындаушыларға жіберілетін болады.

Ләззат Әлібаева – қалалық кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің жетекшісі:«Мұндай жағдайларды келтірмеу үшін сот орындаушыларға артық шығынды шығармау үшін, берешектеріңіз болса мүлік,жер және көлік салығын 2018 жылдың 1 маусымына шейін өтеулеріңіз керек».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *