«Рухани жаңғыру» сайысы

Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері күмбірлете күй шертіп, мың бұралып биледі. Нақышына келтіріп өлең оқыды. Мұның бәрі облыс көлемінде өткен «Рухани жаңғыру» сайысында көрініс тапты. Салық комитетінің мемлекеттік кірістер органы деп өзгертіліп аталғанына биыл тура 5 жыл. Атаулы күнге орай Балқашқа облысымыздың 4 өңірінен салық қызметкерлері жиналды. Приозерск қаласы, Шет пен Ақтоғай аудандарынан келген және жергілікті орган қызметкерлері 4 түрлі жанр бойынша сайысты. Көркемсөз оқудан бас жүлде мен хореография және би бәсекесінен 1 дәрежелі диплом балқаштықтар еншісінде. Музыкалық шығармашылық пен  түпнұсқа жанрынан Шет ауданы 1-ші орынға лайық деп танылды. Кірістер органының ұжымдары еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін осылайша өз өнерлері арқылы көрсетті.

Жанар Жұматова  — мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы: «2015 жылы 15 тамызда салық комитеті мемлекеттік кірістер органы деп өзгертілген болатын. Бүгін сол датаға 5 жыл толып отыр. Бүгінгі сайысқа қазақ және кәріс халықтарының ұлттық билерін попурри ретінде биледік. Дайындыққа 1 апта жұмсадық» 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login