Рождество мерекесін балқаштықтар есік алдында тойлады

Қараменде би көшесінің тұрғындары Рождество мерекесін есік алдында тойлады.Көрші-қолаң өз күштерімен ауланы безендіріп, талдарға жылтырақ ленталарды ілді. Ортаға жаңа жылдық шыршыны орнатты. Кейін барлығы бірге айнала хоровод билеп, ойын ойнады. Ертегі әлемінің кейіпкерлері атанған ересек тұрғындар мерекенің сәнін келтірді.

Евгения Снежанова – Қараменде би көшесі, № 19 үйдің тұрғыны
«Біздің ауланың тұрғындары тату тұрады. Көрші-қолаңның бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсы. Сондықтан осы Рождествода мереке жасайық деп шештік.Жақсы демалыс болды».

Үздік өнер көрсеткеткен көршілер тәтті сыйлықтармен марапатталып, той-думан кешке дейін жалғасты.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *