Ресейде балқаштық балуан чемпион атанды

Балқаштық балғын халықаралық бозкілемде ел намысын қорғады. Елдос Құрметжанов Ресейде өткен екінші ашық турнирде чемпион атанды.Дүбірлі жарыс Ресейдің, Новосибирск қаласында өтті. Оған алыс-жақын мемлекеттерден 150-ден аса бала жиналды. Оның бірі балқаштық 16 жастағы Елдос Құрметжанов. Жерлесіміз 51 салмақта 5 кездесу өткізді. Финалда ресейлік балуанмен күресті. Белдесу нәтижесін 10:0 ұпаймен аяқтап, чемпион атанды. Және Елдос 4 жыл бойы үйренген үздік тәсілдерін қолданғаны үшін «Үздік техника» кубогымен марапатталды.

Елдос Құрметжанов- Еркін күрестен халықаралық жарыстың чемпионы
« Жарыс өте қиын болды.Ең қиын болғаны Дагестанның балуанымен.Ұтылып келе жатқанда 15 сек. қалғанда аяққа кіріп лақтырдым.Сосын ұтып алдым.Финалда Новосибирскті ұттым. Бұл жарысқа бір айдай дайындалдым. Бірінші алға мақсат қойдым.Сол мақсатымды орындадым».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!