Президент балқаштық офицерге алғашқы шенін табыс етті

Әскери оқу орнын бітірген балқаштыққа Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен алғашқы шенін табыстады. Мұндай мәртебеге бар болғаны 12 түлек  ие болды. Олардың арасында жерлесіміз Алмаз Көшербаев бар. Ол биыл жоғарғы  құрлық әскерлері әскери институтын тәмамдаған. Кеше Астанада басқаланың 20 жылдық мерейтойын ресми түрде тойлау басталды. Мереке аясында Президент енді ғана жоғарғы оқу орындарын бітірген 12 офицерге лейтенант шенін табыс етті. Президенттің қолынан алғашқы жұлдызын алушылардың қатарында жалғыз  балқаштық бар. Ол қаламыздағы №7 мектеп-гимназиясының  түлегі Алмаз Көшербаев .

АЛМАЗ КӨШЕРБАЕВ -ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ

«Бұл мен үшін өте қуанышты. Ата-анама, ұстаздарыма, әскери инситтутыма, бәріне рақмет айтамын. Болашақта ҚР ҚК офицерлік құрамда қызмететуге дайынмын. Жас сарбаздарға бір білгенімді дарытуға, отанды қорғау жолында тайсалмай еңбек етуге әзірмін.» 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *