Островский көшесінде екі қабатты үйдің шатырынан өрт шықты

Кеше түнде Островский көшесінде екі қабатты үйдің шатырында өрт болды. Қызыл жалын төбедегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған.

Төтенше оқиға сағат 20:36 тіркелген. Өрт сөндірушілер 4 минутта жетіпті. Сол уақыт аралығында 16-шы үйдің тұрғындары далаға шығып үлгерген.Ал үй иелерінің бірі болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп алыпты. Құтқарушылардың сөзінше, үйдің шатырында элктр сымы жанған. Қызыл жалын 10 минутта сөндірілді. Жапа шеккен тұрғындар жоқ, деседе бірнеше үй жарықсыз қалды.

Қала тұрғыны: «Видите-ли у Балхашэнерго нет кабелей. Нас вешают на времянки. Этот дом на тот, 18 повесили на 6-ой. 18 сгорел. Теперь нас повесили. Мы все здесь висим на времянке, пожалуйста, примите меры».

Электр энергиясына жауапты мамандар, түнгі сағат 1 ге дейін жұмыс істеп жарықты қайта қосқан. Олардың сөзінше 4 үйге жарық жеткізіп тұрған электр желілері үлкен қысым болғандықтан жанған. Қазіргі таңда «Балқашэнерго» мекемесі жанып кеткен сымдарды жаңасына ауыстыруда.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code