Қоңыраттағы білім ошақтарында құрылыс басталды

Қоңыраттағы білім саласына да ерекше мән беріліп, нысана құрылыстарына қаржы бөлінді.Мәселен, қазіргі күні №3 мектеп ғимаратында электр сымдары жаңасына ауыстырылуда. Содан кейін онда ішкі жылу жүйесі жөнделіп,сыртына 361 метр темір қоршаулар орнатылады. Ол үшін қазынадан 15 млн теңге бөлінді. Ал 2 маусымнан бастап №25 мектепке 500 метрге жаңа шарбақтар қойылатын болады. Сондай-ақ 75 бүлдіршіні бар «Айсұлу» балабақшасына 8 млн 400 мың теңге бөлінді. Қомақты қаржыға терезе, есіктер ауыстырылып,балалардың бөлмелері жөнделеді. Есік алды абаттандырылады.Сырттан келетін суық су желісі жаңаланады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать