Қоңырат күл-қоқыстан тазаратын болды

Қоңырат күл-қоқыстан тазаратын болды. Жылдар бойы үйіліп қалған қоқыстар енді қала сыртына шығаралады.Ертеңнен бастап тендерді ұтып алған кәсіпкер тазалық жұмыстарына кіріседі. Алғашқы сенбілік қоқыстан көз ашпайтын кіре беріс жолдар мен Русаков, Новорудная көшелерінде жүргізіледі. Әрі қарай басқа көшелерде құрылыстық қалдықтардан тазарады. Жалпы, биылғы жоспар бойынша мөлтек ауданында 1500тонна қоқысты полигонға шығарып тастау жоспарда бар.Ол үшін 2 жүк салатын камаз бен 1 жүк тиегіш көлік жұмылдырылмақ.Және тазалық жұмыстарына қазынадан 2 млн 400 мың теңге бөлінді.

 Нұрболат Бөлеген-ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
« 1500 тонна қоқыс шығару жоспарланып отыр.Қазіргі күні қоқыстың жиналған орындары анықталған.Бүкіл шығарылған қоқыстар полигонға жеткізіледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать