Оқушыларға арналған автобус қайта қатынай бастады

Оқушыларға арналған автобус қайта қатынай бастады. Айта кету керек, жаңа оқу жылы басталысымен қоғамдық көлік тиімсіз деп маршруттан алынып тасталған болатын. Оған жергілікті биліктен қаржының дер кезінде бөлінбеуі себеп болды. Ал салдарын жолаушылар тартты. Екі күн бойы оқушылар мен жұмысқа асыққан тұрғындар бір автобусқа мінуге тура келді. Осылайша адамға лық толған қоғамдық көлік тіпті кей аялдамаларға тоқтамаған.Нәтижесінде балалар оқуына, ал ересектер жұмысына кешігіп барған.

Қала тұрғыны: «Ия, толық болды кеше. Тоқтамай өтті. Бәріміз осы жерде қалдық. Сабаққа кешігіп бардым».

Қала тұрғыны: «Автобус кеше тығыз, ішінде бір-бірін сығып, қысып, балалар жылап-сықтап бытшыт болды. Енді 2 автобус жүргізу керек қой. Школьный деген бөлек болу керек. Кеше елдер жұмыстан қалып қойды. Таксимен кетті».

Бүгін оқушылар автобусы қайтадан жүре бастады. Жол құны- 30 теңге. 2 қоғамдық көлік таңғы 7:20-дан бастап Жұмысшылар кенті мен 11 м\а оқушыларды тасымалдайтын болады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *