Әнші Райым Уайыс балқашта қайырымдылық концерт өткізеді

Ал  осындай  қомақты  қаржыны  жинау  үшін   Торғын  Нұржанқызына барша жұрт барынша  қолдау   көрсетуде.  Соған  бір  дәлел 28  маусым  күні   өтетін  қайырымдылық концерт.  Шаһарғақалалық  медициналық  колледжінің  мұрындық болуымен    қазақ  эстрадасының  жұлдызы  Райым  Уайыс келіп,  жеке шығармашылық  концертін өткізеді. Ерекше   үні  бар әнші  2 сағат  төңірегінде   үздік әндерін орындап,  жиналған  қаражатты  Торғынның  шотына  аударатын болады.  Кеш сағат 18.00  Мағауия  Хамзин  атындағы  мәдениет сарайында өтеді.  Билет  құны 1000 теңге.

Райым  Уайыс-  әнші

«Құрметті   Балқаш  елді мекеннің   тұрғындары және қала қонақтары.Сіздерді 28 маусым күні мысшылар  сарайында   концертке шақырамын. Торғынға қолдау  көрсетейік.  Концерт кешкі сағат 6-да басталады.  Барлықтарыңызды  күтемін.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать