Балқаш жаңалықтары 18 наурыз 2017

Азаматтық некедегі әйелін өлгенше ұрып-соғып, кейін атып өлтірген қандықолға қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы Балқаш тұрғыны 11 жылға сотталды.

170 келі марихуана. Қарағандылық полицейлер осындай аса ірі көлемдегі есірткіні қала тұрғындарына сатқан екі сыбайласты құрықтады.

Ультразаманауи аппарат! Бүгін орталық емханада жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылды. Енді қала тұрғындары алысқа бармай-ақ бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын осы жерден тексерістен өткізе алады.

Ардагерлерге құрмет — азаматтық парыз. Осыны әр кез естен шығармайтын балқаштық басшылар бір топ ардалерлерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шықты.

Биыл Балқашта 22 үй жөндеуден өтеді. Және шаһардың 80 жылдық мерейтойына орай орталық көшелер жаңа кейіпке енеді.

Балқаш әуежайы қайта жанданды. Наурыз айының 26-нан бастап Астана, Алматы бағыттарына әуе көлігімен қатынауға болады.

Балқаштық түлектер сынамалы тест сұрақтарына жауап берді. Өз білімін сынап көруге Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының 11 ші сынып оқушылары да келді.

Қарағанды облысында өткен жылы білім саласының 6 қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотталған. Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш 10-ға жетіпті.

Бауырсақ пати! Балқаш қалалық маңызды білім беру колледжінің студенттері мен мұғалімдері ошақ қасында сынға түсті. Үш топқа бөлінген 100 –ге жуық қатысушы 25 келі ұннан 500 бауырсақ пісірді.

Балқашта бұрын-соңды болмаған көрініс. Бір мезетте 80 музыкант күй тартып, қала мерейтойына сый жасады. Бұл өнер-мектебінің тартуы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать