Мысшылар стадионында жөндеу жұмысы жүргізілуде

Мысшылар стадионында жөндеу жұмысы жүргізілуде. Негізі спорттық кешен былтыр қаланың 80 жылдығына орай жөнделу керек еді. Алайда, өткен жылы қаржы бөлінбей, стадионды жаңалау биылға қалдырылды. Қазір құрылысшылар ондағы залдар мен киім алмастыратын және жуынатын бөлмелерді жаңартуда.

Спортшылар киім шешетін бөлменің ішіндегі заттарды сыртқа шығаруда. Зіл темірлермен шынығатын пауэрлифтерлер ондағы ауыр заттарды көтерісіп құрылысшыларға көмектесуде. Ал босаған бөлмеде енді жөндеу басталады.

Гүлшат Байтөкешова-тілші

«Бұл жаттығу залында үлкен өзгеріс күтіп тұр. Мұнда едендер мен қабырғалар жаңаланады. Және төбесі де ауыстырылады. Өкінішке орай жаңа жаттығу құралдарын сатып алу өкінішке орай қарастырылмаған.

Уақытының көбісін жаттығу залында өткізетін спортшылар жөндеу жұмысын көп күткен екен. Міне ол күнге де жетті.

СНХ:Антон Долгонов-пауэрлифер

«Жөндеу жұмысы басталғанына қуаныштымыз. Енді жаңа залда жаңа рекордттарды бағындарамыз.

СНХ:Алексей Ногай-пауэрлифтер

«Бізге де жаңадан келетін спортшыларға да бұл жақсы жаңалық болды.  Зал жаңартылғаннан кейін жетістіктеріміз көп болады деген сенімдеміз.

Жалпы спорт кешенінде 5 зал, 4  жуынатын және киім алмастыратын бөлме бар. Оның барлығында едені алмастырылып, қабырғалары тегістеліп сырланады. Құрылысшыларда қызу жұмыс. Осы уақытқа дейін сантехника мен электр желілерін жаңалаған. Енді ішкі жұмыстарды аяқтағаннан кейін біраз жылдан бері тесіліп, су аға бастаған шатырды жөндейді.

СНХ:Алтай Бейтүсүпов-«Мысшылар»  стадионының  директоры

«Соңғы рет жөндеу жұмысы 2009 жылы жасалған. Бастан-аяқ барлығы жөнделген болатын. Ал қазір ең бастысы төбені жабу. Себебі жаңбыр жауса, жауын-шашын суы ішке ағады. Қазір құрылыс материалдарын күтіп отырмыз».

Құрылысшылар спорт кешенінің сыртын тегістеп, бояп қойған. Қалған жұмыстар  қыркүйекке дейін  аяқталуы тиіс.Cебебі жаңа оқу жылы басталысымен балаларды түрлі спорттық секцияларға қабылдау басталады.

Гүлшат Байтөкешова-тілші

«Жалпы мысшылар стадионына 5 мың адам сияды. Осы жылы ағаш трибуналарды пластикке алмастыру жоспарлануда. Сонымен бірге жүгіруге арналған ерезеңкелі жолақта, стадионның сыртындағы қоршауда жаңасына айырбасталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать