Металлург футбол командасы өз алаңында алматылықтарды қабылдайды

Балқаштық футболшылар осы сенбі күні өз алаңында алматылықтарды қабылдайды. Металлург командасы  УТЦ ЦСКА мен кездеседі. Жерлестеріміз әуесқой футболдан Алматы біріншілігінің А лигасында  өнер көрсетуде. Жерлестеріміз  турнир кестесінде  12 команданың ішінде әзірге 24 ұпаймен 4 орында келеді. Жалпы 12 ойын өткізген. Соның 8 ұтыспен 4 ұтылыспен аяқталған.  Ал бірінші орында жеңіліссіз келе жатқан БН Қаскелең. Олардың қоржынынада 30 ұпай. Екінші орында 10 ойынның біреуінде ұтылып, тағы біреуінде  тең ойын көрсеткен Мерса құрамасы. 25 ұпай жинапты. Үздік үштікті  11 матчтың 8де жеңіске жеткен, 3 ұтылған Алма-Ата командасы қорытындылайды. Ал балқаштықтардың кезекті ойыны 14 шілде күні Мысшылар стадионында өтеді. Металлургтың қарсыласы 9 ойынның тек екеуінде жеңіске жеткен  УТЦ ЦСКА  командасы. Матч сағат кешкі 18:00 басталады. Келіп жерлестірімізге жанкүйер болыңыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать