Мен Балқашты жақсы көремін композициясын жөндеуге 5 млн теңге жұмсалған

Я люблю Балхаш 2

«Мен балқашты жақсы көрем» композияциясы енді металдан жасалады. Себебі бұзақылар жүректі жаралап, әріптерді сындыруды қояр емес. Ал, мамандар болса оларды жөндеп үлгермеуде.
Еске сала кетейік, бұл жазу 2015 жылдың тамыз айында пайда болған еді. Сол кезден бері оны қала бұзақылары бірнеше рет бұзып сындырып кеткен. Тіпті бірі полицейлердің қолына түсіп, сот алдында жауап берді. Судьяның шешімімен 20 жастағы жігіт 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді және шығынды жабу үшін 100 мың теңге төледі. Алайда, бұл жаза түрі өзгелерге сабақ бола қоймады. 2 жыл ішінде әріптер мен жүрекке бірнеше рет шабуыл жасалған. Ал, оны жөндеуге қалалық бюджеттен 5 млн теңге жұмсалыпты. Композицияның өзі 4 млн теңге тұрады. Қымбатқа түскен әріптерді енді мамандар металдан жасамақ. Ол тамыз айында дайын болады. Ал, егерде сындыру фактілері әлі жалғасатын болса онда нысанның айналасы қоршауға алынады.

Әнуар Самиев – ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Біз металдан жасалған әріптерге жаңадан тапсырыс бердік. Бұл дегеніміз біріншіден қосымша шығын. Екіншіден егер бұзақылар әріптерді сындырмағанда жөндеуге кетке 5 млн теңге қаланың көркін ашатын басқа жобаларға жұмсалар еді».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *