Мемлекеттік қызметкер өзін жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қалай ұстауы керек?

Мемлекеттік қызметкерлер өзін жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қалай ұстауы тиіс. Бүгін облыстан келген шенеуніктер балқаштық мамандарға қалай дұрыс жүріп тұру керектігін түсіндірді. Жалпы Балқашта 15 мемлекеттік орган бар. Онда 110 адам қызмет етеді. Алайда солардың 30-ы 2017 және 2018 жылдары тәртіптік жазаға тартылған. Соның ішіндегі есте қалғаны бұрынғы ТКШ бөлімінің жетекшісі мен әкім аппаратының экс жетекшісіне қатысты оқиғалар. Бірі төбелесіп көзге түссе, екіншісі мемлекеттік көлікке отырып алып, өзін тоқтатқан орган қызметкерлеріне қоқаң-лоққы көрсеткен. Алайда, мұндай статистика облыстық қонақтарды қуанта қоймады. Мамандар өзара жан-жалды қойып, елмен көбірек жұмыс жасауға кеңес берді.

Гүлнар Құрбанбаева–этика бойынша кеңес мүшесі:»Көп қателіктер құжат толтырған кезде кетеді. Ал оның барлығы тексеріс кезінде анықталады. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлер өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырулары қажет».

Ал мемлекеттік қызметкер көпшілік адамы болғандықтан, оның сырт келбеті жинақы болып, өзін ұстай білуі қажет және жүріс-тұрысы басқаларға үлгі болуы тиіс. Ал мамандар бұл ережелерді ұмытпау үшін оларға этика жайлы жазылған шағын кітапшалар таратылды.

Сандуғаш Асылбекова – Қарағанды облысы бойынша әкім аппаратының этика бойынша өкілетті өкілі:» Өздеріңіз білесіздер, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап этикалық кодекс енгізілді. Және әдеп жөніндегі уәкілдер туралы жаңадан интститут енгізілді. Облыс бойынша 21 әдеп бойынша уәкіл өзі қызметтерін атқарып жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать