Мүгедектерді қызметке алған балқаштық кәсіпкерлерге мемлекет көмек беруге әзір

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қызметке алған кәсіпкерлерге мемлекет көмек беруге әзір. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығында 30 дан астам мүгедек жұмыссыз ретінде есепте тұр. Көбісі 3 топтағылар. Яғни еңбекке қабілетті. Алайда, көп жерде оларға  қажетті жағдай жасаламағандықтан мұндай жандарды көбісі қызметке қабылдаудан бас тартып жатады. Деседе биылдан бастап егер бизнесмен мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа алып, еңбек етуіне керекті заттармен қатамасыз етсе, онда Үкімет кеткен шығынды өзі көтереді. Мәселен жұмыс беруші арба, есту аппараты, балдақ секілді дүниелерді сатып әпереді. Ал мемлекет қанша қаржы жұмсалса соның барлығын кері қайтарады.

Жазира Мусина-жұмыспен қамту орталығының маманы

«Мүгедек жандарға көмек қолын созып, жұмысқа қабылдаймын деушілер болса, Уалиханова көшесі 5 ғимаратта орналасқан жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. Кәсіпкер жалақыны өзі бекітеді. Оның көлемі ең көлемі ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауы тиіс».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *