Мәдениет сарайының артында 2 үлкен led экран орнатылады

Мәдениет сарайының артында екі үлкен лэд экран пайда болады. Оны орнату үшін Алматыдан арнайы мамандар шақырылды. Бүгін монтаждаушылар фундамент құю жұмыстарына кірісті. Орын дайын болғаннан кейін 3 метр биіктікке 2 теледидар орнатылады. Олардың ені 6, биіктігі 3 метр.

Мамандардың айтуынша соңғы шыққан үлгі. Бейне жарықтығы 7500, көру қашықтығы 10 метр. Яғни ондағы көрініс алыстан анық көрінеді. Алып теледидарда түрлі бейнероликтер көрсетілмек. Кейін екі лед экранның ортасына сахна қойылады. Жалпы бұл жер концерт өтетін үлкен алаңға айналады.

Қайрат Жастарбек-лэд құрылғылар сату бойынша директор:
«Лэд экран орнату жұмыстары кешеден бері басталды. Ауа райы жақсы болып жатса, 20-на дейін аяқтауға тырысамыз. Тәжірибеміз мол экран орнату жағынан. Түгел Қазақстан бойынша орнатып жүрміз. Сапасы өте жақсы.»

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *