Балқашта мәдениет сарайын жаңалау жалғасуда

Мағауия  Хамзин  атындағы мәдениет сарайында  құрылыс  жұмыстары  жалғасуда.  Былтырғы   жылдары ғимараттың  сырты әктеліп-сырланса,  биыл  іші  жөнделуде. Қазіргі  күні  құрылысшылар    бірінші  қабатты жөндеп  жатыр. Жұмысшылар ұзын  екі  дәліздің   қабырғаларын  тегістеп,  төбесін  ақ түске әктеуде.  Содан кейін  барлық  есіктер  жаңасына  ауыстырылатын болады. Сонымен  қатар,  биылғы  жылы мәдени ошақтың   бас сахнасы  да күрделі  жөндеуден  өтпек.  Сахна ортасы  бұрыңғыдай  айналатындай етіп  жасалады. Және  де  концерт   залының  еденіне  жаңадан  ковралан төселіп, әрі  қарай жертөле де  жөнделеді деп жоспарлануда.

Сүлейман  Гафаров- құрылыс  жұмыстарына  жауапты маман

«Бүгінгі  күні  құрылыс  жұмыстары 40 пайызға аяқталды. Кейін  сахнаның  едені  толық   ауыстырылады. Қасындағы   екі  дәлізде   жөнделеді.Содан  соң  кабинеттерді әктеп, сырлайтын боламыз.Барлық  жұмысты  қыркүйек айының  ортасында  аяқтаймыз».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *