Көлік салығын төлемеген балқаштықтарды заң бойынша жазалау басталды

Көлік салығын төлемеген балқаштықтарды заң бойынша жазалау басталды. Өткен жылы жыл соңына дейін 1200 адам қарызын өтемеген. Олардан бюджетке 4 млн теңге түсуі тиіс. Енді бұл соманың орнын толтыру үшін салықшылар борышы барларды сотқа бермек. Ал мұндай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін, мамандар берешегіңізді біліп, оны тез арада өтеуге кеңес береді. Бір айта кетерлігі, көлік басқа қалада ауданда тіркеуде тұрғанымен транспорт иесі салықты тұрғылықты мекен-жайы бойынша төлеуі тиіс.

Ләззат Әлібаева-мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс істеу бөлімі жетекшісі

«Уақытылы және толық емес төленбеген салықтарға мерзімі өткен ірбір күн үшін өсімпұл саналады. Берешектері бар тұлғалардан өндіріп алу наурыз айында басталды. Орындалмаған жағдайда сот арқылы өндіріледі, сонымен қатар ҚР тысқары шығуға шектеу қойылады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать