Язев көшесінің бойында трактор мен иномарка соқтығысты

Язев көшесінің бойында  трактор мен иномарка соқтығысты. Апаттың салдарынан жол шетінде тұрған мазданың алдыңғы бөлігіне қатты зақым келді. Оқыс оқиға өткен сенбіде полиция қызметкерлері қаптап жүретін тіркеу-емтихан бөлімінің алдында болды. Ауди трактордың артында келе жатқан. Содан горкомхоз мекемесіне тиесілі транспорт солға бұрыла берген кезде, иномарка жүргізушісі оны басып озбақ болады. Алайда трактордың алдыңғы бөлігіне соғылып, одан әрі жолда тоқтап тұрған мазданы қаққан. Абырой болғанда соңғы көлікте ешкім болмапты. Бірақ алдыңғы бөлігі толықтай майысып қалды. Ауди жүргізушісі —  аман-есен. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары басталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать