Халықаралық жоба қатысушыларына қазақтың тұрмыс-тіршілігі таныстырылды

Халықаралық жоба қатысушыларын  «Бектау-Ата» тауында  домбырасын күмбірлеткен әншілер, тазысы мен лашынын сері еткен аңшылар, боз кілемде күрескен балуандар, найзасы мен қылышын асынған батырлар, шолпысы сылдырлаған сұлу қыздар мен ақ жаулық тағынған әжелер қарсы алды. Балқаштықтар табиғат аясына киіз үй тігіп, қонақтарға ерекше қонақжайлылық көрсетті. Көрініс арқылы өткен кезге саяхат жасап, ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігімен таныстырды.

Қазақстан Халқы ассамблеясы атынан келген делегация тобын қазақ ауылы әнмен қарсы алды. Ұлттық киім киген қыздар мен жігіттер, ауылдың алты ауызын шырқап,  кең даланы әсем әнге бөледі.

Ал ақ жаулықты әжелер қонақтарға ыстық бауырсақ үлестіріп, қымыздан дәм таттырды. Өзіміздің ғана емес өзге ұлттың да сүйікті тағамына айналған құрт та ұсынды.

Өзге елден келген делегация мүшелеріне түрлі көрініс арқылы ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігі таныстырылды. Киіз үйдің жанына жайғасқан әжелер жүн түтіп, жіп иірсе, балуандар боз кілемде күш сынасып, ұлттық ойынымызды паш етті. Тоғыз құмалақ, аран тартыс ойындары да ел назарына ұсынылды.

Халықаралық делегация мүшелерін қазақтың саятшылық өнерімен таныстыру үшін Қаскелеңнен құс бегісі шақырылған.33 жастағы  Руслан Абыл аңшылық туризммен айналысады. Сұңқар баптап, ежелгі ата кәсібін жандандырып жүргеніне 5 жыл болған. Бүгін қонақтарға құсбегілік шоу көрсетті.

Руслан Абыл-құсбегі

«Бұл сұңқардың ителгі деген түрі. Ителгі қазақта көп қолданыла бермейді. Шөлді аймақтардың қазақтары қолданған. Себебі шөлді аймақта қоян көп кездеседі. Қояға жақсы. Жердегіні ілетін сұңқарларға жатады. Аты сұңқаршын. Лақап аты бар тағы жел қызы деген. Жел соқса жоқ болып кетеді.

Жалпы Жібек жолы-Қытайдан бастау алған сауда жолы. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған.  Керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгеріп отырған.

Леонид Прокопенко-Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

«Бектау-Ата , Балқаш көлі туралы ежелгі Қытай жазбаларында жазылған. Бұл дегеніміз қытайлық саудагерлер Қыйтайға осы мекендер жайлы ақпарат жеткізген деген сөз.  Яғни олар осы арамен өткен. Жібек жолының бір тармағы осы Орталық Қазақстан арқылы өткені белгілі.

Жалпы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жібек жолы бойындағы сұхбат» халықаралық жобасы 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Жобаның мақсаты-Орталық Азия өңірі елдері мен халықтарының арасындағы байланысты жаңғыртып, нығаюына ықпал ету.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *