Футболдан қала әкімі кубогының жеңімпаздары анықталды

Балқашта қала әкімінің кубогының жеңімпаздары анықталды.  30 команда 1 ай бойы футбол ойнап, бас жүлдеге таласты. Нәтижесінде тек мықтылар ғана финалға жолдама алды.

9-10 жастағы оқушылардан құралған Тарандар командасы үшін бүгін маңызды ойын. Олар 6 команданы ұтып, финалға дейін жеткен. Ал бүгін Арыстан командасымен кездесті. Алайда, бойы да ойы да өздерінен үлкен қарсыластарынан 2:1 есебімен жеңіліс тапты.

Ратмир Терликбаев – «Тарандар» командасының ойыншысы

«Олар өте жақсы дайындалып келген. Біз қазір кішкене қалып отырмы. Біз екінші орынға жеттік. Олда жаман емес».

Футболдан қала әкімінің кубогы соңғы рет 2014 жылы өткізілген. Биыл бұл дәстүр қайта жанданып, оған 30 команда қатысты. Олар балалардан құралған аула клубтары, ардагерлер және әуесқой командалар. Нәтижесінде финалға 9 команда шықты.

Серікбол Бектұрганов –қалалық футбол ассоциациясының төрағасы

« Финалдық ойындарда ардагерлдер командасы арасында Әділет және Фок командалары, әуесқой командалар арасында Достық, Ақжол командасы және балалар арасында Тораны және арыстан командасы ойнайды. 05:54 Жарыс айналмалы тәсілмен ойналды. Әр топтан 3 командадан шығып отыр.

Бірнеше сағатқа созылған тартысты ойыннан кейін жеңімпаздар да анықталды. Ардагерлер арасында «Әділет» командасы бас жүлдеге ие болса, әуесқойлар арасында  «Достық» бірінші орынға жайғасты.  Ал балалар арасында «Арыстан» құрамасы  жеңіске жетті. Марапаттау рәсімінде қала әкімі Александр Аглиулин жеңімпаздарды құттықтап, кубок, медаль және жаңа футбол формасын табыстады.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать