Еске алу. Әбілхайырұлы Нұрлан

Руы Әлтеке – Мырзақұл, Әбілхайырұлы Нұрлан бауырымыздың 40 күндік асы наурыздың 18-і күні Ақжал кентінің «ҮМІТ» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі.

Ағайын-туыс, құда-жекжат, бірге жұмыс жасаған еңбек ұжымын, жора-жолдастарын, көршілерді және танитын барша жамағатты шақырамыз.

 

Амал қанша, сені жоқтап күйгенмен,

Өтіп жатыр тірлік шіркін, күйбеңмен,

Қайтып сенің келмесіңді білсек те,

Алаңдаумен 40 күн өтті, іздеумен.

 

Қара қызым, деуші едің еркелете,

Неге кеттің, тастап бізді тым ерте.

Мойыныңа мініп алып алаңсыз,

Шаттанатын күндер енді келмей ме?

 

Аруағыңмен қорғап жат енді артыңды,

Гүлмираң мен үш балаң аман болсын.

Сен көрмеген қызықты көрсін мәнді,

Жақсы атыңды шығарып жүрсін мәңгі.

 

Батқан қатты жаныңа науқасыңды,

Ешкімге сездірместен жасырдың-ау.

Білдірмей қу жаныңның қиналғанын,

Бір күн жатпай, тік жүріп кете бардың.

 

Қандай қайсар, қайратты, қажырлы едің,

Қорқытпайын дедің бе балаларды.

Қалай ғана көз жазып қалдық екен,

Өкініш пен қайғының уын жұтып.

 

Ағайын мен туысты ешқашан бөлмеуші едің,

Ауыр сөзді ешкімге, зілденіп айтпаушы едің.

Қысқа болып ғұмырың жалған мынау дүниеде,

Арманда кеттің көре алмай бала-шаға қызығын.

 

Кетер ме мәңгілікке есімізден,

Байсалды, күлімдеген жарқын бейнең.

Топырағың торқа боп, жан бауырымыз,

Мекенің Ақжалдағы жұмақ болсын!

 

Хабарлаушылар: жұбайы Гүлмира, балалары, бауырлары, Рахымжановтар әулеті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать