Еске алу Тойшубеков Сабит Абетайұлы

Руы-Керей-Қасқа, Кіші жүз, Тойшубеков Сабит Абетайұлы (01.02.1958-01.12.1997 ж.ж.) асыл жар, қимас бауыр, асқар таудай әкеміздің өмірден өткеніне 21 жыл. 1 ақпан күні ортамызда болғанда 60 жасқа толар еді…

Өкінбе, әке,  отың бар сөнбейтұғын,

Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,

Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,

Жан әке, топырағың торқа болсын.

Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсып,

Аруағыңыз ұрпағынды қолдап жүрсін.

 

Бар жақсылық тал бойына тән еді,

Айналаға жайлы, жайсаң жан едің.

Момындығын, торғын жібек мінезің,

Айта жүрсін дегендей қалған ізің.

 

Ертте кеттің бұл өмірден аттанып,

Қараңғыға қара жерді жастанып.

Найзағайдың жасынындай жарқ етіп,

Қалды елесің көкіректе жатталып.

 

Аңқылдаған ақкөңіл,

Жүзің естен кетпейді.

Сағындық қой, Жан бауыр,

Саған ешкім жетпейді.

 

Бауыр десе жұлып берер жүрегін,

Ерекше боп өткен жанның бірі едің.

Бүгін сенің туған күнің, жан Бауырым!

Өзің жоқсың, көп еді айтар тілегім.

 

Бір Алланың жазғанына көнеміз,

Құран оқып, еске алып жүрміз біз.

Күлкіңді де, көркіңді де сағындық,

Мәңгілікке еске сақтап жүреміз.

 

Кеттің ғой ерте өмірден,

Шықпайсың бір сәт көңілден.

Еске алсақ сені, жан бауыр,

Көз жасымыз көлдей төгілген.

 

Бауырым, жер бетіне сыймадың,

О дүниеге сені қимадық.

Ойласақ іштей қайғыдан күйіп жанамыз,

Орның толмас енді бізге ешқашан.

 

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?

Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.

Өзімізді санаушы едік бақытты,

Жан бауырымыз ортамызда болғанда.

“Топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, Қабірің Иман Нұрымен, Құран Нұрымен нұрлансын!” – деп, Алладан тілейміз.

Еске алушылар: жұбайы – Бибинұр, апалары: Роза, Гүлмира, бауыры – Кәртай, келіні – Замзагүл, балалары: Диана-Нұржан, Сабина, ұлы – Данияр, немерелері: Нурдана, Дильнура, Нармина, Темирлан, туған-туысқандары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать