Еске алу Шыныбеков Дархан Советбекұлы

Ардақты досымыз Шыныбеков Дархан Советбекұлы ортамызда жүргенде 30 жасқа толар еді. Ізгі жүректі, жаны таза, мейірімді еді. Егіле еске алып, «жаны жәннатта, тәні рахатта, орыны пейіштің төрінде болсын!» — деп, Алладан рахым тілеп, дұға бағыштаймыз!

Тау-тастың қыраны едің, еркін ұшқан,

Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.

Жігіттің сұлтаны едің, дара тұлға,

Батырып кете бардың қара мұңға.

 

Жарқын жүз, жібек мінез, жайдарлы едің,

Таныған жұрт, бар адамға қадірлі едің.

Жанымызға жазылмас жара салып,

Өмірден кетіп қалдың әттегенмен.

 

Өмір зулар шаршамайды, талмайды,

Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.

Нәзік жүрек өзіңді сағынып,

Сағынышын достарың осы жырын арнайды.

 

Бала едік, балғын едік ойнап кұлген,

Тай құлындай тебісіп, еркін өскен,

Тағдырға шара бар ма  алыстатқан,

Күндер жылжый, ай өтті, өзіңді аңсаумен.

 

Көңілімізді құлазытып тіршілік,

Жан досым-ау, кете бардың үзіліп.

Жанарымыздан сырғып кетсе де моншақтар,

Қайта оралып келмейді екен сол шақтар.

 

Осылайша оздың досым өмірден,

Бірақ бейнең кетпес мәңгі көңілден.

Жолдастарың, ұрпақтарың тұрғанда,

Өшпес ізің мәңгі қалар өмірде.

 

Алланың мініп пырағын,

Жұмақта болсын тұрағың.

Нұрланып тұрсын шырағың,

Пейіште болсын жұмағың!

Еске алушылар: достары.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *