Еске алу Қағазбаев Айтқали Асылмұратұлы

Айыртас ауылының тумасы, руы – Тобықты-Манас-Ақсары, ардақты да аяулы әке, адал жар, қимас бауыр Қағазбаев Айтқали Асылмұратұлы тірі болғанда 6 ақпан күні 47 жасқа толар еді…

Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Әкемізді сағына еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!» – деп Алладан тілейміз. Мына өлең шумақтары өзіңе арналады:

Жайдары, дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

Жар болды, әке болды мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Адал жар, асыл әке, қимас әке,

Қойнына қара жердің қимас әке.

Орныңды толтыра алмас ешқашанда,

Байлығын бар ғаламның жинасаң да.

 

Қайран Әке, қысқа болды ғұмырың,

Ерте кеттің, бекімеді-ау тұғырың.

Өмір – базар, баққа бөлер кезінде,

Ажал салды аңдаусызда құрығын…

 

Жан әке, торқа болсын топырағыңыз,

Қайғының орнын немен толтырамыз?

Әкешім, Сізді іздеп сағынамыз,

Атыңды өшірмеуге тырысамыз.

 

Қош бол, әке, иман болсын жолдасың,

О дүниеде Жаратқан Ием қолдасын!

Ізгілікпен жүріп өткен жолыңды,

Келешекте ұрпақтарың жалғасын!

 

Топырағың торқа боп, асқар Әке,

Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.

Жаның жәннатта,

Тәнің рахатта болсын!

Еске алушылар: жұбайы – Гаухар, балалары: Іңкәр, Үміт, Арай, Аяна.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать