Балқаштық дзюдошылар республикалық жарыста жүлдегер атанды

Балқаштық дзюдошылар  Астана  қаласында  өткен республикалық  турнирде  жүлдегер атанды. Шаһар  атынан  барған балғындар    жақсы  өнер  көрсетіп,  медельдармен оралды.  Ал сайыс  9 бен  10 және  11 мен 12 жас аралығында  өтті.   Спортшылар  22 -60 келі салмақ   дәрежелерінде    күресті. Кездесу  тартысты  өтті.  Нәтижесінде  балқаштан  барған  9 дзюдошының  бірі  -Алан Мейрамбек  есімді  жерлесіміз 26 келіде    чемпион атанды. Оған қоса,  1 спортшы  күміспен,  3-уі   қолаға  қол жеткізді.

Алан  Мейрамбек- Дзюдодан  өткен   республикалық   турнирдің  чемпионы:« Мен Астанадағы жарысқа  бірінші барып  отырмын.Мен астанадағы баламен шықтым.Мен оны арқаға тастау жаттығуымен лақтырып  шықтым. Мен бұл жаттығуларды көп жасадым».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!