Болашақты болжаудың заманауи әдістері

Осы жексенбіде проваслав дінінің өкілдері Рождество мерекесін тойлады. Бұл мейрам Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай аталып өтіледі. Православтықтар осы мейрамнан бастап крещеие мерекесіне дейін бал ашу арқылы болашағыңды білуге болады деген санайды. Халық арасындағы бұл сенім баяғыдан қалыптасқан. Ал қазір бал ашудың замануи әдістері бар. Ол арқылы  өзге ел тағдырына қалай жорамал жасайды.

Православ діні өкілдерінің болашақты болжау әдістері

Жарық жанып тұрған терезелерді санау

Болашақты жорудың заманауи әдістерінің бірі-жарық жанып тұрған терезелерді санау. Ол үшін алдымен ішіңізден сұрақ қойып, оның жауабын білу үшін  терезе алдына келіп бір орында айналу қажет. Одан кейін көзіңізді ашып, жарығы бар тезелерді санап шығыңыз. Егер жұп сан шықса онда сауалыңызға иә деген жауап аласыз. Таң сан болса, жоқ деген сөз.

Лифтті қолдану

Ал лифт арқылы арманыңыздың орындалатынын немесе орындалмайтын білуге болады. Ортаңғы қабатта тұрып, ішіңізден тілек тілеңіз де, басқа біреудің лифт шақыруын күтіңіз. Егер ол үстіге жүрсе, онда тілегіңіз қабыл болады, деген сөз. Астыға түссе, арманыңыздың орындалмайтынын білдіреді.

Телефонды қолдану

Ал мобильді телефон арқылы болашақ жарыңызды білуге мүмкіндік бар. Ұялы телефоныңызды алып, кез-келген нөмерді теріңіз. Жауап берген адамның атын сұраңыз. Мысалы, егер Бақыт десе, ол сіздің екінші жартыңыздың есімі болуы мүмкін.

Смс жазу

«Бұл жерде де ойыңызға келген кез-келген нөмерге «мені не күтіп тұр?» деген секілді хабарлама жіберіңіз. Қандай жауап келсе, демек сол болады.

Қоңырау шалу.

Өзіңізге бір сұрақ қойып, оның жауабын алу үшін белгісіз біруге қоңырау шаласыз. Тұтқаны ер адам көтерсе, онда  оң жауап. Әйел адам алса, теріс дегенді білдіреді. Ешкім көтермесе, бұл сұрақты кейінге қалдыру керек деген сөз.

Интернет баннер

Тағдырыңызды интернет баннер арқылы да болжауға болады. Кез-келген сайтқа кіріп, ойша сұрақ қойыңызда парақшаны қайта жаңартыңыз. Көзіңіз бірінші қай баннерге түссе, сол сауалыңыздың жауабы болып табылады.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *