Биыл Балқашта бірыңғай мектеп формасы болмайды

Биыл Балқашта бірыңғай мектеп формасы болмайды. Оқушылар бұған дейін киіп келген костюмдерін қайта киеді. Қазақстанда бірыңғай мектеп формасын енгізу мәселесі осымен бірнеше жыл талқыланып келеді.  Нәтижесінде өткен жылы Астана оқушылары бірдей киімге көшті. Ал осы жылы Қарағанды облысында ең үздік мектеп формасына байқау жарияланды. Деседе, биыл Балқашта ешқандай өзгеріс болмайды. Әр білім беру мекемесінде бұрын бекітілген мектеп формасы қалды. Тек бірінші мектепте, 17 мектеп-лицейде, және облыстық гимназияда форманың түсі күңгірт көкке өзгерген.

Ольга Садвокасова – білім бөлімінің бас маманы

«Былтырғы жылдағыдай әр мектеп өз формасын киеді. Бұл сұрақ ата-аналар жиналысында және педагогикалық кеңес кезінде талқыланған. Ата-аналар мектеп формасын өздері таңдауға атсалысады. Алайда, биыл ешқандай өзгеріс болмайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать