Биыл 78 Балқаш тұрғынына рак диагнозы қойылды

Балқашта тері рагы өршіп тұр. Мұны дәрігерлер экологияның нашарлауымен байланыстырып отыр. Статистикаға сүйенетін болсақ, 2018 жылдың 9 айында 16 адамның терісінен қатерлі ісік анықталған. Екінші орында өкпе рагы. Бұл дертпен 11 тұрғын  есепке алынды. Өршіп тұрған үшінші онкологиялық аурудың  түрі -тік ішектің қатерлі ісігі. Осы жылы 9 балқаштыққа осындай диагноз қойылған. Сондай-ақ 7 әйелде сүт безінің қатерлі ісігі, 5 адамда асқазан рагы анықталған. Бұл дерттердің жартысы тұрғындар скринингтен өткенде белгілі болған.

Валентина Бердник-№1 емхананың онколог дәрігері

«Қазір әйелдер арасында сүт безінің рагы бірінші орында. Егер төстің терісінде, ұшында  қандай да брі өзгеріс болса онда үйде отыра бермей, дәрігерге қаралу қажет. Себебі бұл дер ауырмай келеді. Оны тек тексеріс кезінде ғана анықтай аламыз.

Рак ауруының статистикасы:

тері рагы — 16 адам

өкпе рагы — 11 адам

тік ішек рагы — 9 адам

сүт безі рагы — 7 адам

асқазан рагы — 5 адам.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *