Өлген күшіктерге қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды

Балконнан лақтырылған күшіктерге қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Прокурорлар төртаяқтылардың қай қабаттан құлағанын анықтау мүмкін емес деп отыр. Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен жылдың қараша айында болды.  Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан биіктіктен құлаған 7 күшік табылған еді. Оның бесеуі сол жерде өлген, үшеуі аман қалғанымен кейін олардың аяқтары мен қабырғалары сынғаны анықталды. Ал сонда болған куәгерлердің сөзінше  иттерді иесі бесінші қабаттан лақтырған.

Дилназ Мұсаханова- Сейфуллин көш 10 үй тұрғыны

«Бесінші қабаттан иттерді лақтырып жатыр дейді. Мен шошып кеттім.Сосын жанына барып қарасам, иттер жатыр. Мынаны алдымда үйге кіргізіп жібердім. Аяп кеттім, жаным ашып кетті.

Бұл іске қатысты «жануарға қатыгездік жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында күдікті тұрғынның үйіндегі иттің 1-2 апта бұрын күшіктегені анықталды. Алайда,  әйелдің күшіктерді лақтырғанын дәлелдейтін дәйек жоқ. Осыған байланысты прокурорлар қылмыстық істі тоқтатты.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *