Балқаштық жеңіл атлетші қыздар облыс чемпионы атанды

Балқаштық жеңіл атлетшілер облыс чемпионатында қос медаль ұтып алды.  Қоржынға алтын мен бірге қола салған қыздар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Дарья Жунусова мен Карина Кадырманова. Қарағандыда өткен облыстық чемпионат Дарья қатысқан алғашқы жарыс. Соған қарамастан 15 жастағы жеңіл атлетші жақсы нәтиже көрсетті. Ол 3000 метрді 13 мин 19 сек жүгіріп өтіп,  мәреге бірінші болып келді. Одан кейін 1500 метрді 5мин 59 сек бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Осылайша екі жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

Дарья Жунусова-жеңіл атлетикадан облыс чемпионы

«Алғашқы жарысым болғандықтан, өте қатты қобалжыдым. Бәрінің соңында қаламында беп ойлаған едім. Өз нәтижесе көңілім толды. Бірақ, одан әрі жақсартқым келеді.

Карина Кадырманова да қос медаль ұтып алды. 14 жастағы былтырғы облыс чемпионы осы жолы 15-16 жастағы өзінен үлкен спортшылармен сайысқан. Ол ұзындыққа секіруде 5 м 04см нәтижемен бірінші орын алды. Ал үш қарғып секіруде үшінші орыннан көрінді. Нәтижесі 10м 63см. Енді жеңіл атлетші 16-17 ақпанда 2003-2004 жылғы жасөспірімер арасында өтетін облыс чемпионатында өз қатарластарымен тағы да сынға түседі.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать