Балқаштық жастар латын әліпбиін қолдайды

Жастар жаңа әліпбиді қолдайды.Осындай үндеумен бүгін балқаштық студенттер қалалық форум өткізді. Балқаш гуманитарлы –техникалық колледж ғимаратында ойларын ортаға салып, тарихты жаңғыртуға дайынбыз дегенді айтты.Кейінгі толқын бұл жаңа белеске нақты қадам деп санайды.Себебі, латын қаріпіне көшер болсақ әлемдік аренада тереземіз тең болып, экономикамыз артады.Инновациялық-технологияларды меңгеруге үлкен мүмкіндік беріледі. Сондықтан латын әліпбиін кезең-кезеңмен үйренеміз деп бір ауыздан уәде етті. Айта кету керек, еліміздегі халық санының 5млн-ын жастар құраса, Балқашта олардың саны 17 мыңға жуықтайды.

Мадина Базылова- Жастар ресурстық орталығының маманы:« Біз жастар жаңа әліпбиді қолдаймыз.Бізге латын әліпбиіне көшу ешқандай қиындық туғызбайды. Себебі, бұл бізге бір жағынан көмек болады.Шетелдерге оқуға түсуге және үш тілді білуге өте ыңғайлы». 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *